- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында сараптамалық дәрісі өтті
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында сараптамалық дәрісі өтті
2026 жылғы 16 қазанда сағат 12:00-де 401-аудиторияда з.ғ.д., доцент Баймаханова Дина Мұратқызының «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында сараптамалық дәрісі өтті. Дәріс Конституцияның ережелерін түсіндіруге арналған және Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар онкүндігі аясында өткізілді. Іс-шараға мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Үсеинова Қарлығаш Рахымжанқызы, сондай-ақ кафедра меңгерушісінің орынбасары Оспанова Жамиля Әзизханқызы қатысты.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа Конституциясындағы негізгі жаңашылдықтар, мемлекеттік билік жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері қарастырылды. Заңдылықты нығайтуға, демократиялық қағидаттарды дамытуға және құқықтық мемлекет қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Дәріс бағдарламасына келесі мәселелер енгізілді:
Жаңа Конституцияны қабылдаудың себептері мен мақсаттары; Конституцияның негізгі ережелері және конституциялық реформалар; Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері; Адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктері; Конституциялық өзгерістердің Қазақстанның одан әрі дамуына ықпалы.
Дәріс аясында мемлекеттік билік жүйесіндегі өзгерістер, бір палаталы Парламент -Құрылтайдың құрылуы, Вице-Президент институтының енгізілуі және Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы мәселелері де қарастырылды. Сонымен қатар дербес деректерді қорғау, азаматтардың цифрлық құқықтары және заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Талқылау барысында конституциялық өзгерістердің «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын дамытуға, ұлттық бірлікті нығайтуға, сондай-ақ білім, ғылым және инновация салаларын өркендетуге бағытталғаны атап өтілді. Жаңа Конституцияны зерделеу Қазақстанның конституциялық құрылымының даму ерекшеліктерін, мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидаттарын және қоғамның құқықтық негіздерін нығайтудың маңызын түсіну үшін ерекше мәнге ие.
Дәріс студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті. Алынған ақпарат студенттерге Ата Заңның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуге, құқықтық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ заңнаманы сақтау мен адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық мемлекет құру қағидаттарын түсінуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар