«Заң және тәртіп – қоғам кепілі» — ҚазҰУ

«Заң және тәртіп – қоғам кепілі»

6 қазан 2026
«Заң және тәртіп – қоғам кепілі»

Филология факультетінің 2-курс студенттері арасында «Заң және тәртіп – қоғам кепілі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары Советхан Ш.Д. және Тұрысбек А.Б. қатысып, студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар берді.

Кездесу барысында студенттер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары, құқықтық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтар қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары және күнделікті өмірде заң нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

📚 Құқықтық сауаттылық – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды құралы.

⚖️ Заңды білу – өз құқығыңды білуден басталады!