БЕЛЬГИЯНЫҢ МОНС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ — ҚазҰУ

БЕЛЬГИЯНЫҢ МОНС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

15 қазан 2026
БЕЛЬГИЯНЫҢ МОНС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Бельгияның Монс университетінен (University of Mons, UMONS) келген делегация келіп, университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысты.

Сапар барысында қонақтарға ҚазҰУ-дың қалыптасу және даму тарихы, көрнекті ғалымдары мен түлектері, сондай-ақ университеттің ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат берілді.

Музей экспозициясының маңызды бөліктерінің бірі - Қазақстанның ұлттық символдарының біріне айналған Алтын адамға арналған бөлім. Делегация мүшелері сақ дәуірінің бірегей археологиялық мұрасымен, ежелгі зергерлік өнердің жоғары деңгейін көрсететін алтын әшекейлермен және қазақ жерінің терең тарихымен танысты.

Мұндай кездесулер халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын шетелдік қонақтарға таныстыруға ықпал етеді.