«Салауатты ұлт — жарқын болашақ: бабалар мұрасы және заманауи медицина»
Тұрақты даму мақсаттарының 1-басым бағыты «Әлеуметтік даму:Кедейлікті жою, теңсіздікті азайту, сапалы білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің «6B10113-Стоматология» мамандығының 1-курс студенттерімен «Салауатты ұлт — жарқын болашақ: бабалар мұрасы және заманауи медицина» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің тарихы талданып, оның «Ұлттық код» ретіндегі халық жадында сақталуы мен насихатталуының сабақтастығы ғылыми тұжырымдалды. «Ұлттық тағамдар — денсаулық кепілі» көрме-презентациясы ұйымдастырылып, қазақтардың материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі — сүт өнімдерінің (құрт, ірімшік, қымыз, шұбат) құрамындағы дәрумендердің адам денсаулығын сақтаудағы рөлі туралы ғылыми-танымдық баяндамалар жасайды. «Эко-мәдениет және денсаулық» шеберлік сыныбы: Нағыз табиғи өнімдерді тұтыну мәдениетін қалыптастыру арқылы заманауи фаст-фуд пен қанттың зиянын түсіндірілді.
Қазақ халқының тарихындағы ақын-жыраулар шығармасындағы ұлт тарихы мен өнері жан-жақты қарастырылды.
Ұйымдастырушы: Тарих факультетінің доценті м.а.
М.Қ. Дауытбекова
Басқа жаңалықтар