Шығыс таңғажайыптары
Шығыстану факультеті Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесе отырып, тірі өсімдіктерден композиция құру өнері жайында таныстыру дәрісін ұйымдастырды. ҚазҰУ студенттері Жапонияның ең әдемі және көне салт-дәстүрлерінің бірімен танысты. Икебананың сұлулығы, пішін мен стилінің түрлілігі студенттердің жүректерінде әсер қалдырмай қойған жоқ.
Гүлдерді безендіру шеберлік сабағын Икэнобо институтының профессоры Ямада Мидори өткізді. Икэнобо мектебі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан икебана өнерінің салт-дәстүрлерін көз қырындай сақтап келе жатқан бірден-бір мектеп. Ал Ямада Мидори ханым сол дәстүрлерді оқушылармен бөліседі. Сарапшы «Со-Катоку» ежелгі мектебінің жоғарғы сатысы, Омото Сэнкэ шәй рәсімі мектебі мен Суми-э жапон бейнелеу өнері мектептерінің шебері болып табылады.
Ямада Мидори 20-дан астам жылдар бойы, бүкіл әлем бойынша икебана, шәй рәсімі мен суми-э жайындағы сабақтар мен шеберлік дәрістерді өткізіп келеді. Ол Ресей, Молдова, Украина, Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан және Армения елдеріне жиі келіп тұрады.
Мидори ханым студенттердің гүл шоқтарын сәндеу техникаларына деген қызығушылықтарын арттырып, тірі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көрсетті. Ал шығыстану факультетінің студенттері болса, әдемі гүл композицияларын жасап, өз бойларындағы көркемдік талғамдарын таба білді. Факультет деканы Жұбатова Баян, мұғалімдер мен студенттер гүл композицияларын жасау арқасында, қоршаған ортаның сұлулығын танып, көрсетіп, басқалармен бөлісе алу қабілетіне ие болды.
Шығыстану факультеті