Таза университет – ортақ жауапкершілік! — ҚазҰУ

Таза университет – ортақ жауапкершілік!

19 қазан 2026
Таза университет – ортақ жауапкершілік!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының «Қолданбалы математика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері университет аумағы мен оқу кабинеттерінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке белсенді қатысты.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және университет тазалығын сақтауға үлес қосуға ынталандыру.

Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және 12-мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағыттарымен үндеседі.

Тазалық – әрқайсымыздан басталады!

Оқытушы: Толымбек Айгерім Қуанышқызы