ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ — ҚазҰУ

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

22 қазан 2026
ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

13–16 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңстуденттері Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РХДУ) өткен білім беру бағдарламасына қатысты. Іс-шара университеттің Экономика факультетінің 65 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұл сапар студенттерге халықаралық академиялық ортамен танысуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық сауда саласындағы практикалық міндеттерді шешу барысында кәсіби білімдерін қолдануға мүмкіндік берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан “Бизнес-технологиялар кафедрасының студенттері қатысты. Олардың қатарында «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Мұрзатай Жанель, сондай-ақ «Логистика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Аскарова Мариэтта мен Байгалтинов Қуаныш бар.

Бағдарлама аясында қатысушылар «Жаһандық экономиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның іс-шараларына, сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайындағы маркетингтің өзекті мәселелеріне арналған секцияларға қатысты. Заманауи экономикалық үдерістерді талқылау халықаралық нарықтардың даму үрдістері және өзекті бизнес-міндеттерді шешудегі кәсіби құзыреттердің рөлі туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сапардың маңызды бөлігі Щербинск лифт жасау зауытының (ЩЛЗ) өнімдерін шетелдік нарықтарға шығару стратегиясын әзірлеуге бағытталған жобалық жұмыс болды. Мұрзатай Жанель мен Байгалтинов Қуаныш кәсіпорын өнімдерін Беларусь Республикасының нарығында ілгерілету жобасы бойынша бір командада жұмыс істеді. Ал Аскарова Мариэтта Армения нарығына шығу бағытын әзірледі. Жобалық жұмыс барысында мақсатты нарықтардың ерекшеліктері, бәсекелестік орта, логистикалық шешімдер және өнеркәсіптік өнімдерді ілгерілетудің маркетингтік құралдары қарастырылды.

Жобаларды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алаңында қорғау ерекше маңызға ие болды. Әзірленген шешімдерді кәсіби ортада таныстыру студенттерге халықаралық сауда міндеттерін тәжірибе тұрғысынан қарастыруға және экономикалық интеграцияның елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызын бағалауға мүмкіндік берді.

          Студенттердің білім беру бағдарламасына қатысуы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім»бағытымен де үндеседі. Өнеркәсіп өнімдерін шетелдік нарықтарға шығару стратегияларын әзірлеуге арналған практикалық кейстермен жұмыс істеу, халықаралық сауданың заманауи үрдістерін зерделеу және жобаларды Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қорғау студенттердің кәсіби құзыреттерін, аналитикалық ойлау қабілетін және практикалық міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Халықаралық академиялық ортада тәжірибе алмасу студенттерге теориялық білімдерін халықаралық бизнестің нақты жағдайларымен ұштастырып, маркетинг және логистика салаларындағы кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.Еуразиялық жастар ғылыми-практикалық мектебіне қатысу студенттердің кәсіби дамуыныңмаңызды кезеңіне айналды. Практикалық кейстермен жұмыс істеу, әртүрлі елдерден келген қатысушылармен тәжірибе алмасу және жобаларды Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында қорғау олардың халықаралық сауда саласындағы білімдерін тереңдетуге, аналитикалық дағдыларын дамытуға және өнімдерді шетелдік нарықтарға шығару стратегияларын әзірлеу тәжірибесін жинақтауға ықпал етті.

Мұндай халықаралық бастамалар студенттерге кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашып, академиялық байланыстарды нығайтады және болашақ мамандардың жаһандық экономика мен халықаралық ынтымақтастықтың ерекшеліктерін тереңірек түсінуіне ықпал етеді.