«Сат та жеткіз!» — ҚазҰУ

«Сат та жеткіз!»

22 қазан 2026
«Сат та жеткіз!»

Маркетологтар күніне орай 19 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ

ұлттық университетінде Бизнес технологиялар кафедрасының «Логистика»

мамандығының 4-курс студенттерінің қатысуымен танымдық іс-шара

өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты -

студенттердің маркетинг саласындағы

білімдерін тереңдету, заманауи

маркетингтік стратегиялармен таныстыру,

шығармашылық және аналитикалық ойлау

қабілеттерін дамыту, сондай-ақ теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану

дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер арасында кейстік тапсырмалар, Quiz

форматындағы тесттер және сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды.

Тапсырмалар студенттердің маркетинг саласындағы білімдерін тексеруге,

өз ойларын еркін жеткізуге және нақты жағдайларға байланысты тиімді

шешімдер ұсынуға бағытталды.

Сонымен қатар, әлемге әйгілі KFC, Starbucks және басқа да жетекші

компаниялардың қалыптасу тарихы, маркетингтік стратегиялары мен

жетістікке жету жолдары талданды. Аталған компаниялардың брендті

қалыптастыру , жарнамалық науқандарды ұйымдастыру, тұтынушылардың

сұранысын зерттеу және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

тәжірибелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер компаниялардың

маркетингтік шешімдерін талдап, олардың табысты дамуына ықпал еткен

факторларды қарастырды.

Іс-шараның жетекшісі - Бизнес технологиялар кафедрасының аға

оқытушысы Н. Х. Маулина. К1 және К4 топтарының студенттері іс-шараға

белсенді қатысып, кейстік тапсырмаларды орындауда, тест сұрақтарына

жауап беруде және пікір алмасуда жоғары қызығушылық танытты