OYLA Talks: білімнен мамандыққа – аудармашылар үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер — ҚазҰУ

OYLA Talks: білімнен мамандыққа – аудармашылар үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер

22 қазан 2026
OYLA Talks: білімнен мамандыққа – аудармашылар үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер

2026 жылғы 22 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері ғылыми-көпшілік OYLA журналының бас редакторы, кафедраның сыртқы стейкхолдері және жұмыс берушілер өкілі Гамзат Бияровпен кездесті.

Іс-шара OYLA Talks аясында «Білімнен мамандыққа: табысты мансапқа бастар қадамдар» тақырыбында ұйымдастырылып, болашақ аудармашылардың кәсіби даму перспективаларына, еңбек нарығының заманауи талаптарына және жаңа мансаптық мүмкіндіктеріне арналды.

Кездесу барысында тілдік және аудармашылық құзыреттерді дәстүрлі аударма қызметімен қатар журналистика, баспа ісі, ғылыми коммуникация, медиа және цифрлық контент әзірлеу салаларында қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы жағдайында қалыптасып жатқан жаңа кәсіби бағыттарға ерекше назар аударылды.

Гамзат Бияров өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми-көпшілік басылым жұмысының ерекшеліктері, жас мамандарға қойылатын талаптар және мансаптық өсуде пәнаралық құзыреттердің маңызы туралы әңгімеледі.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер жұмысқа орналасу перспективаларын, жұмыс берушілердің талаптарын және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Жұмыс берушілермен және сыртқы стейкхолдерлермен өзара ынтымақтастық орнату – Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы қызметінің басым бағыттарының бірі. Мұндай кездесулер білім беру бағдарламаларын жетілдіру барысында кәсіби қауымдастықтың қажеттіліктерін ескеруге, теориялық білім мен практиканың байланысын нығайтуға және түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

 

Аймагамбетова М.М., Искакова Г.Н. 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы