ҚазҰУ-да «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті
2026 жылғы 23 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті. Мерекелік іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушылары мен тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы қатысты.

Жәрмеңке күзгі молшылықты дәріптеп, ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, университет ұжымының бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға үлес қосты.

Жәрмеңке барысында қатысушыларға түрлі тағамдар ұсынылып, ұлттық ас мәзірі мен күзгі молшылықтың дәмі сезілді. География және табиғатты пайдалану факультеті жәрмеңке аясында 500 келі палау дайындап, қатысушыларға таратты. Бұл бастама факультет ұжымының белсенділігін, қонақжайлылығын және ортақ іске деген ұйымшылдығын көрсетті.

«Алтын күз» жәрмеңкесі университет өміріне ерекше сән беріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Басқа жаңалықтар