- Басты бет
- Мұражай
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ Н. М. НҰРЖІГІТОВТІҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ҒА КЕЛУІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ Н. М. НҰРЖІГІТОВТІҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ҒА КЕЛУІ
21 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов Н. М. келді.
Келу аясында министр университет музейімен танысып, оқу орнының қалыптасу тарихы, даму кезеңдері және отандық ғылым мен білім беру саласына қосқан үлесі туралы мәлімет алды. Музей экспозициясы университеттің бай тарихи мұрасын, көрнекті ғалымдарының жетістіктерін және ҚазҰУ-дың елдің ғылыми-білім беру кеңістігіндегі орнын таныстырды.
Министрдің университет тарихына қызығушылық танытуы ҚазҰУ-дың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңызын айқындайды.