- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жоғары білім — болашақтың негізі»: ҚазҰУ-да ЖОО қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Жоғары білім — болашақтың негізі»: ҚазҰУ-да ЖОО қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
2026 жылғы 1 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Жоғары оқу орындары қызметкерлері күніне орайластырылған «Жоғары білім — болашақтың негізі» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара заң факультетінің деканы, профессор Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлының жалпы басшылығымен, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, профессор Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы мен осы кафедраның профессоры Айғаринова Гүлнар Төлеухадырқызының тәлімгерлігімен өтті, ал ұйымдастырушылар болып 101-академиялық топ студенттері сөз сөйледі.
Бұл оқиға БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) дәріптеу және оларды білім беру процесіне кіріктіру контекстінде — атап айтқанда, 4-ТДМ «Сапалы білім» және 16-ТДМ «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» аясында ерекше маңызға ие болды. Сапалы заңгерлік білім беруді қамтамасыз етуде және тұрақты дамудың өзегі болып табылатын құқықтық мемлекетті қалыптастыруда оқытушылардың еңбегі баға жетпес екені ерекше атап өтілді.
Іс-шараны жүргізушілер профессор-оқытушылар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамда заң үстемдігін, тәртіпті нығайтудағы және сот төрелігі институттарын қалыптастырудағы жолбасшылық рөлін атап өтті. Заңгер-оқытушылардың күнделікті қажырлы еңбегі ұлт болашағын қалыптастыратыны және бейбіт әрі әділетті қоғам құрудың қозғаушы күші болып табылатыны айтылды.
«Осындай дана ұстаздардан сапалы білім мен саналы тәрбие алу — біз үшін үлкен мәртебе әрі бақыт», — деп студенттер өздерінің ыстық ықыластары мен ақ тілектерін білдірді.
Құқықтар мен міндеттердің мәнін ашатын және таным жолын жарықтандыратын ұстаз сөзі — ертеңгі тұрақты қоғам мен әділдіктің іргетасы. Заңгер-педагогтің басты жетістігі — тек құқық нормаларын құрғақ меңгерген маманды емес, заң мен әділдікке шын жүректен жаны ашитын жауапты азаматты тәрбиелеу. Осы қағидатты басшылыққа ала отырып, бірінші курс студенттері үлкен құрметпен профессор-оқытушылар құрамына өз қолдарымен дайындаған арнайы номинациялар бойынша естелік марапаттарды табыс етті.
Басқа жаңалықтар