ТАБИҒИ-ТЕХНОГЕНДІК ТӘУЕКЕЛДЕР ДӘУІРІНДЕГІ ЖАҢА ҚАДАМДАР
27.10.2026 ж.
Табиғат пен қоғам арасындағы үйлесімділік, қауіп-қатерлерді алдын алу және тұрақты даму — бүгінгі ғылымның ең басты басымдықтарының бірі.
Осы орайда, рухани-адамгершілік тәрбие бағыты шеңберінде география ғылымдарының докторы, профессор Көшім Әсима Ғалымжанқызының қатысуымен «Табиғи-техногендік тәуекелдер дәуіріндегі ғылым: геоақпараттық технологиялар және тұрақты даму» тақырыбында тағылымы мол лидерлік лекция өтті.
Дәріс барысында маңызды мәселелер көтерілді.
- Қазіргі геоақпараттық технологиялардың (ГАЖ) мен жерді қашықтан зондтаудың қауіп-қатерлерді бағалаудағы рөлі;
-Табиғи және техногендік қауіп-қатерлердің алдын алудағы заманауи ғылыми тәсілдер;
- Жас ғалымдар мен студенттерге рухани-адамгершілік және экологиялық жауапкершілік қалыптастыру;
- Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы білім мен ғылымның интеграциясы.
Профессор Көшім Әсима Ғалымжанқызы өз дәрісінде ғылыми ізденіс пен тәжірибені ұштастыра отырып, қатысушыларға терең мағлұмат беретін, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар сілтейтін құнды ойларымен бөлісті.
Кездесуге қатысқан студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Танымдық және ғылыми әлеуеті жоғары мұндай лидерлік дәрістер жастардың ғылымға деген ынтасын арттырары сөзсіз.
Ғылым мен тәрбие егіз ұғым. Еліміздің тұрақты әрі қауіпсіз болашағы үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз бен ғалымдарымызға алғыс білдіреміз!
Басқа жаңалықтар