ИЕРУСАЛИМДЕН КЕЛГЕН КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ — ҚазҰУ

ИЕРУСАЛИМДЕН КЕЛГЕН КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ

23 қазан 2026
ИЕРУСАЛИМДЕН КЕЛГЕН КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Израильдің Иерусалим қаласынан келген кардиолог дәрігерлер келді. Олар университеттің Жалпы медицина және денсаулық сақтау факультетінде ұйымдастырылған тренингке қатысу аясында музей экспозициясымен танысты.

Қонақтар университеттің қалыптасу тарихы, ғылыми-білім беру саласындағы жетістіктері және көрнекті ғалымдарының еңбектері туралы мәлімет алды. Музей экспозициясы ҚазҰУ-дың тарихи мұрасын, академиялық дәстүрлерін және отандық ғылымның дамуына қосқан үлесін таныстыруға мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер халықаралық академиялық байланыстарды нығайтып, білім мен тәжірибе алмасуға және мәдениетаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.