- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ұлттық кітапханада Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» кітабының тұсаукесері өтті
Ұлттық кітапханада Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» кітабының тұсаукесері өтті
9 қазан 2026
2026 жылғы 9 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында айтулы мәдени оқиға орын алды. Қазақстанның халық артисі, белгілі режиссер әрі кинодраматург Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» атты жаңа туындысының салтанатты тұсаукесері өтті.
«Атамұра» баспасынан жарық көрген бұл жинаққа автордың «Гүлназ», «Көктем шықса, көкек келер» повестері мен бірқатар әңгімелері («Либерти», «Папасының қызы», «Көке бала») енген. Өмірлік таңдау, шынайы сезім, адал достық пен адамгершілік құндылықтарды арқау еткен шығармалар оқырманға терең ой салады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұжымы алқалы кездесуге қатысты. Кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиеваның жетекшілігімен кафедра оқытушылары С.М. Жапаков, С.Б. Бақыт және факультет студенттері арнайы шақырылған бұл маңызды іс-шарада университет намысын білдіріп, белсенділік танытты.
Іс-шараның жастар үшін маңызы:
Заманауи қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілімен жүздесу;
Студенттердің рухани-адамгершілік дүниетанымын кеңейту;
Кітапқа, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Рухани қазынаға толы мұндай тағылымды кездесулер жастардың тұлғалық дамуына өзіндік серпін берері сөзсіз!
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026
11 қараша 2026
11 қараша 2026