ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ — ҚазҰУ

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

28 қазан 2026
ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті «6В05203 – Гидрология» білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, онда көтерілген маңызды мәселелерді талқылады.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын түсіндіру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы ақпарат беру, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың кәсіби дүниетанымын кеңейту.

Кездесу барысында студенттер Президент Жолдауында айтылған экономиканы жаңғырту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударды.

Әсіресе, гидрология мамандығының студенттері үшін су ресурстарын тиімді басқару, су тапшылығының алдын алу, су шаруашылығы жүйесін жаңғырту және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары ерекше қызығушылық тудырды.

Талқылау барысында климаттың өзгеруі жағдайында Қазақстанның су ресурстарын сақтау, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану, гидрологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру және су саласына заманауи ғылыми технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар студенттер еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде білікті гидролог мамандардың рөлі, ғылыми зерттеулердің маңыздылығы және су ресурстарын ұтымды пайдаланудың болашақтағы мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің қоғамдық-саяси сауаттылығын арттыруға, мемлекет дамуының басым бағыттарын түсінуге және болашақ маман ретінде кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.