Алдағы міндет - Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс — ҚазҰУ

Алдағы міндет - Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс

28 қазан 2026
Алдағы міндет - Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Ел президенті

түпкі мақсат – елімізді жаһандық өндіріс тізбегіне қосу, сондай ақ экспорттық саясатымыз да осы мақсатқа сай жүргізілуі керек екенін атап өтті. Үкімет бұл саладағы дамыған елдермен стратегиялық серіктестік орнатуға мүдделі болуына және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған жергілікті бизнес нысандарына орынсыз кедергі келтірмеу керек екенін ескертті. Инвесторларды тартқан кезде де осы мәселеге мән беріп, әр аймақты, әр саланы мұқият зерделеуді ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, осындай мәселелер  бойынша Үкіметтің үйлестіру рөлін әлдеқайда күшейту қажет, бірақ аймақтардың жекелеген салаға немесе кәсіпорынға тәуелді болып қалмауына баса назар аударуды ұсынды. Сондықтан өңірде негізгі саланы дамыта отырып, оның айналасында және ішінде де толыққанды біртұтас жүйе құру маңызды екенін атап өтті. Атап айтқанда, білім беру, қолданбалы ғылым, логистика, қызмет көрсету салаларын, сабақтас өндірістерді және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға мән беруді баса айтты. Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» әр аймақта осындай жүйе, яғни қазіргі тілмен айтсақ, экожүйе құруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Баймуратова Ираш Амановна

Әл-Фараби ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент профессоры.