- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ магистранттары мен докторанттары шетелдік ғалымның қонақ дәрісіне қатысты
ҚазҰУ магистранттары мен докторанттары шетелдік ғалымның қонақ дәрісіне қатысты
2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде Сорбонна университетінің Абу-Дабидегі кампусының Статистика және деректер туралы ғылым кафедрасының доценті, доктор Танджит Чакрабортидің қонақ дәрісі өтті.
Дәріс «Кеңістік, уақыт, экстремалды құбылыстар және геометриялық терең оқыту» тақырыбына арналды. Ғалым статистикалық оқыту, графтар теориясы, терең оқыту, кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау, құрылымдалған деректер және уақыттық қатарлар бойынша заманауи зерттеу бағыттарына тоқталды.
Қонақ дәріске Математика кафедрасының магистранттары мен докторанттары тыңдаушы ретінде қатысып, жасанды интеллект, статистика және деректерді талдау салаларындағы жаңа ғылыми тәсілдермен танысты. Кездесу барысында білім алушылар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Мұндай дәрістер білім алушылардың кәсіби және ғылыми көкжиегін кеңейтіп, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруіне, халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуына және болашақ зерттеу бағыттарын айқындауына ықпал етеді.
Іс-шара БҰҰ-ның келесі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосты:
- ТДМ 4 – Сапалы білім;
- ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
- ТДМ 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік.



Математика кафедрасының меңгерушісі А.М. Тлеулесова
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.Ұ. Буканай
Басқа жаңалықтар