- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ білім алушылары Қытайдағы халықаралық жастар алмасу бағдарламасына қатысты
ҚазҰУ білім алушылары Қытайдағы халықаралық жастар алмасу бағдарламасына қатысты
2026 жылғы 19–25 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультетінің «Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Алексанова Ангелина және 2-курс докторанты Жумартова Балжан Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясындағы Цзинань қаласында өткен «2026 International Young Talents Exchange Program (CEP) & Young Scientists Exchange Activities from SCO Countries» халықаралық жастар алмасу бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама Қазақстаннан келген білім алушылар мен Шаньдун ғылым академиясының жас ғалымдары арасындағы академиялық, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Халықаралық бағдарлама аясында қатысушылар Шаньдун ғылым академиясы мен Автоматтандыру институтының магистранттары, докторанттары және профессорлары ұсынған ғылыми баяндамаларды тыңдады. Сонымен қатар олар заманауи ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен, инновациялық жобалармен және жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен танысты.
Бағдарламаның өндірістік-танымдық бөлімі аясында қатысушылар Aotto және Dalong кәсіпорындарына барып, олардың қызметімен, заманауи технологияларымен және өндірістік үдерістерімен танысты.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасу аясында білім алушылар Цзинань қаласы мен Шаньдун провинциясының тарихи және мәдени көрікті жерлерін аралады. Бұл сапар қатысушыларға Қытайдың тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Халықаралық бағдарламаға қатысу Алексанова Ангелина мен Жумартова Балжанға ғылыми білімдерін тереңдетуге, шетелдік ғалымдар және білім алушылармен тәжірибе алмасуға, халықаралық академиялық байланыстар орнатуға және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Іс-шара БҰҰ-ның келесі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосты:
- ТДМ 4 – Сапалы білім;
- ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
- ТДМ 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік.




Математика кафедрасының меңгерушісі А.М. Тлеулесова
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.Ұ. Буканай
Басқа жаңалықтар