ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CanSat БАЙҚАУЫНДА 1-ОРЫН МЕН 2-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ! — ҚазҰУ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CanSat БАЙҚАУЫНДА 1-ОРЫН МЕН 2-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!

24 қазан 2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CanSat БАЙҚАУЫНДА 1-ОРЫН  МЕН 2-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!

2026 жылғы 22 қазанда Өзбекстанда ICESCO ұйымдастырған білім беру спутнигінің CanSat моделін жасау бойынша V халықаралық оқыту семинары аяқталды.

Іс-шараға жеті елден келген қатысушылар жиналып, ғарыштық технологиялар, инженерия жəне спутниктерді жобалау бағытында тəжірибе алмасты.

Қазақстан атынан əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ғарыштық техника жəне технологиялар» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты:

Қайнар Қайсар — 1-орын!

Батыев Рақымхан — 2-орын!

Студенттеріміз өздерінің инженерлік білімін, техникалық дағдыларын жəне командалық жұмыс қабілеттерін көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты!

CanSat жобасы аясында қатысушылар білім беру спутниктерінің модельдерін əзірлеп, құрастырып, сынақтан өткізді. Бұл тəжірибе олардың ғарыш саласындағы білімдерін тереңдетіп, жаңа идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, Қазақстанның ғарыш саласының дамуына үлес қоса берулеріне тілектеспіз!

Болашақ ғарыш инженерлерімен мақтанамыз!

 

 

Толығырақ: https://icesco.org/en/2026/10/22/icesco-fifth-training-workshop-on-educational-satellite-mode l-cansat-concludes-in-uzbekistan/ 

#ҚазҰУ #ҒарыштықТехника #CanSat #ICESCO #Қазақстан #ҒарышТехнологиялары #ЖасИнженерлер #KazNU #SpaceTechnology