«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында семинар өткізілді — ҚазҰУ

«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында семинар өткізілді

29 қазан 2026
«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында семинар өткізілді

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында танымдық семинар өткізілді. Іс-шараны кафедра оқытушылары Сырайыл С., Үсіпбек Б. және Умбетьярова Л. ұйымдастырды. Семинарға 6В05108 – «Биомедицина», «6B01502 Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері, сондай-ақ «Биология» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде денсаулыққа пайдалы әдеттерді ұстануға ынталандыру. Іс-шара барысында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күн тәртібін сақтау, сапалы ұйқы, жеке гигиена және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар физикалық және психикалық денсаулықтың өзара байланысы, күйзелістің алдын алу және болашақ мамандардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы талқыланды. Семинардың құрметті қонағы ретінде медицина ғылымдарының кандидаты Нуралиев Бакытжан Жетесович шақырылып, студенттер алдында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде денсаулықты нығайтудың негізгі қағидаларына тоқталып, салауатты өмір салтын ұстанудың адам өмірінің сапасына, еңбекке қабілеттілігіне және кәсіби жетістіктеріне әсері туралы ой бөлісті. Сондай-ақ студенттерге денсаулықты сақтауға бағытталған пайдалы әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара студенттердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейтуге және өз өмірінде дұрыс дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Семинар мазмұнды әрі танымдық сипатта өтіп, жастардың денсаулығын нығайту мен болашаққа саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.