Алматыдағы мәдени күн: Қазақстан өнерімен танысу — ҚазҰУ

Алматыдағы мәдени күн: Қазақстан өнерімен танысу

28 қазан 2026
Алматыдағы мәдени күн: Қазақстан өнерімен танысу

Қытай Халық Республикасының адвокаттарға арналған білім беру курсы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Алматы қаласындағы Art Museum-де мәдени күн ұйымдастырды.

Қазақстанмен танысу — бұл тек оның құқықтық жүйесі мен заңнамасын зерттеу ғана емес, сонымен қатар еліміздің бай мәдениетіне, тарихына және қазіргі өнеріне терең бойлау.

Мұражайға бару ҚХР қонақтары үшін Алматыны жаңа қырынан ашуға, өнер туындыларымен танысуға және дәстүр мен заманауилық үйлесімді ұштасқан қаланың атмосферасын сезінуге тамаша мүмкіндік болды. 🇰🇿🤝🇨🇳

Мұндай мәдени-білім беру кездесулері халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және жақсы кәсіби байланыстар орнатуға ықпал етеді.