Болашақ әрқайсымызға байланысты!
30 қазанда «Халықаралық журналистика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін «Қазақстанның болашағы және алдағы реформалар» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында еліміздің дамуы мен алдағы өзгерістерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Куратор, филол. ғ. к., аға оқытушы А.В. Рожков студенттерді Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың экономикалық және әлеуметтік салаларды, инфрақұрылымды дамытуға және мемлекеттік институттарды жаңғыртуға бағытталған негізгі бастамаларымен таныстырды. Аталған бастамалар өткен Республика күні аясында жарияланған болатын.
Пікірталас барысында жүзеге асырылып жатқан реформалардың Қазақстанның дамуы үшін маңызына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар жас ұрпақтың қоғам өміріндегі рөлі, азаматтық белсенділіктің маңызы және өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы ой бөлісті.
Студенттер мемлекеттің даму перспективалары жөніндегі өз пікірлерін білдіріп, әрбір азаматтың қосқан үлесі маңызды екенін атап өтті. Сапалы білім алу, кәсіби тұрғыдан даму, азаматтық міндеттерді орындау және қоғамдық өмірге белсенді қатысу – мықты әрі тұрақты мемлекет қалыптастырудың маңызды шарттары.
Кураторлық сағат пікір алмасуға, алдағы өзгерістер туралы түсінікті кеңейтуге және Қазақстанның болашағы үшін жеке жауапкершіліктің маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар