«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Менің таза қалам» репортаждар курсы өтті — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Менің таза қалам» репортаждар курсы өтті

28 қазан 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Менің таза қалам» репортаждар курсы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Менің таза қалам» атты репортаждар курсы ұйымдастырылды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және қала тазалығын сақтаудың маңызын насихаттау.

Курс барысында қатысушылар қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелер және қаланың көркеюіне әр азаматтың қосатын үлесі туралы ой қозғады. Сонымен қатар репортаж дайындау арқылы өзекті мәселелерді көтеріп, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға аударудың маңызын түсінді.

Іс-шара жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, экологиялық жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Өйткені таза қала – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның күнделікті әрекетінен басталады.