- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 4-курс студенттеріне кураторлық сағат өткізілді
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 4-курс студенттеріне кураторлық сағат өткізілді
16 қазанда Журналистика факультетінің орыс бөлімінің 4-курс студенттеріне «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында кураторлық сағат өткізілді. Кездесуді топ эдвайзері О.П. Ложникова жүргізді.
Іс-шара барысында студенттер өзекті экологиялық мәселелер мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында баяндамалар жасады.
Студент Данияр Рысқұлов су айдындарының ластануы мен Қазақстандағы су тапшылығы мәселелерін қозғап, су айдындарын тазарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың алғашқы нәтижелері туралы баяндады.
Ли Олег fast fashion (жылдам сән) құбылысы, киімдерді қайта өңдеу және Қазақстан қалаларында ескі киімдерді жинау мен қайта пайдалануға бағытталған арнайы жобалар туралы баяндама жасады.
Студент Альмедина Шайхат экологиялық бастамалардың қала мен ауыл тұрғындарын қалай біріктіретіні және бұқаралық ақпарат құралдарының сенбіліктерді жариялаудағы рөлі туралы сөз қозғады. Өз баяндамасында ол экологиялық мәдениеттің маңыздылығына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне және қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталды.
Ал Камшат Камшатова «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының маңызы, негізгі мақсаттары және қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың қажеттілігі туралы баяндады. Әсіресе әр адамның жеке жауапкершілігіне назар аударылды. Себебі ел тазалығы күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады.
Кураторлық сағат барысында өзекті экологиялық мәселелер талқыланып, табиғатты қорғауға әр адамның қосар үлесі туралы ой қозғалды. Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар