Құрметті әріптестер, Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын! 🎓
Құрметті әріптестер, Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын! 🎓
Жоғары білім саласы – тек білім беру ғана емес, ол ғылымды дамыту, жаңа идеяларға жол ашу, жас ұрпақтың кәсіби және тұлғалық қалыптасуына ықпал ету.
Университетіміздің, Факультетіміздің, Кафедрамыздың әрбір жетістігінің артында білімін, тәжірибесін және күш-жігерін ортақ іске арнап жүрген білікті де жауапты әріптестеріміздің еңбегі тұр.
💙
Бүгін – ерекше мәні бар екі мереке қатар келіп тұрғаны да бар: Жоғары білім қызметкерлері күні және Қарттар күні.
Осы күні барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, аға буын өкілдеріне де ерекше құрметімізді білдіреміз. Сіздердің біліміңіз, тәжірибеңіз бен өнегелі жолдарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін үлкен мектеп.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер және шәкірттеріңіздің алғысын тілейміз!
☀️☀️☀️және атап айтпқым келетін жағдай: бүгін таңертең жұмысқа келген уақытта ITSDK және ұйымбасшы студенттердің🫶 құттықтауы осы күннің тамаша көңіл күйін сыйлады. Әрине, деканаттың берген бағыт-бағдар, тәлім тәрбиесінің айқын көрінісі деп білемін. Рақмет Сіздерге! 🤍
Құрметпен,
Талшын Сағдатбекқызы
ЖоғарыБілімҚызметкерлеріКүні ҚазҰУ KazNU ЖасандыИнтеллект ArtificialIntelligence&BigData
Мереке күні 10 минуттық үзілісте жиналып үлгердік. Ұжымның толық бір уақытта жиналуы сабақ кестесіне байланысты кезкелген уақытта мүмкін бола бермейді.
Басқа жаңалықтар