🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ — ҚазҰУ

🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ

28 қазан 2026
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ

"🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық экономиканы қалыптастыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, білім мен ғылымды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Әсіресе, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту, ғылыми әлеуетті нығайту және білікті мамандар даярлау бағытындағы міндеттер жоғары оқу орындары үшін маңызды.

Жолдауда көтерілген бастамалар білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамытуға бағытталған өзекті міндеттерді айқындайды.

#ҚазҰУ #KazNU #Жолдау2026 #ЖасандыИнтеллект #BigData Цифрландыру Ғылым Білім"