Қытай заңгерлері ҚазҰУ музейінде — ҚазҰУ

Қытай заңгерлері ҚазҰУ музейінде

2 қараша 2026
Қытай заңгерлері ҚазҰУ музейінде

Тәжірибе алмасу мақсатында ҚазҰУ Заң факультетіне келген Қытай Халық Республикасының бір топ заңгерлері университет музейінің экспозицияларымен танысты.

Қонақтарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы, қалыптасу кезеңдері, ғылыми жетістіктері мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар музей қорындағы тарихи жәдігерлер мен құнды экспонаттарға ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, мәдени және академиялық байланыстарды дамытуға ықпал етеді.