Қазақ тілінде сөйлейтін Оңтүстік корейлік жігіт

18 қазан, 2016

Қазақ тілінде сөйлейтін Оңтүстік корейлік жігіт

     Қытайтану кафедрасының 1 курс студенті Иу Доеол Тілдер мерекесі қарсаңында «Қазақ радиосының» тыңдармандарын және «Қазақстан» телеарнасының көрермендерін қазақ тілі білімімен таң қалдырды. Оңтүстік Кореядан келген Доеол ҚазҰУ-нің дайындық факультетінде бір жыл білім алып, биыл қытайтану кафедрасына «Аударма ісі» мамандығына оқуға түсті. Доеол қазақ тілін үйрене бастағанына аз уақыт болса да, небәрі 4ай, ол оқытушылар мен студенттер арасында қазақ тілі мен қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы мен ынтасы арқасында құрметке ие болып үлгерді. Доеол тіпті өз есіміне жақын Дәулет деген қазақ есімін де өзіне таңдап үлгерді. Кәріс жігіті Дәулет есімі оған қазақ тілін жетік меңгеріп, қазақ мәдениетімен рухани баюға септігін тигізеді деп үміттенеді. «Қазақ радиосы» эфирінде Доеол тыңдармандармен өзінің қалайша қазақ тілін үйрене бастағандығы, қазақ халқы мен мәдениетіне деген көзқарасы туралы баяндап берді. Радиодағы сұхбаттан кейін Тілдер күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан» телеарнасы Доеол жайлы сюжет түсіріп, «Таңшолпан» бағдарламасында көрсетті. «Қазақстан» телеарнасының эфирінде Иу Доеол туралы көрсетілген сюжет біздің университетіміздің де мәртебесін көтерді. Ана тілімізді меңгеруге деген Доеолдің ынтасы қазақ тілін үйренуші шет елдік жастарға үлгі болатынына сенім артамыз! Біз қазақ тілін меңгеру жолындағы студенттімізге тек сәттілік тілейміз!