- Басты бет
- Жаңалықтар
- ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдардың қатысуымен «Әділетті Қазақстан: Жолдау және жоғары білім тенденциялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді талқылау, жоғары білім беру жүйесінің даму бағыттарын саралау және білім мен ғылым саласындағы басымдықтарды айқындау.
Дөңгелек үстел барысында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Айгул Жиекбаева алғы сөз сөйлеп, Жолдауда белгіленген міндеттердің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу аясында кафедраның аға оқытушысы Зәуре Искакова «Вопросы образования в Послании Президента» тақырыбында баяндама жасап, Президент Жолдауындағы білім беру саласына қатысты мәселелер мен олардың өзектілігі жөнінде ой бөлісті.
Сонымен қатар, 1-курс докторанты Гаухар Омарханова «ҚР Президенті Жолдауындағы инфрақұрылым, логистика және бизнес» тақырыбында баяндама жасап, елдің экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жаңғыру бағыттарын талқылады. 1-курс магистранты Айсұлу Әбдірахман «Жолдау және жоғары білім тенденциялары» тақырыбында презентация ұсынып, жоғары білім беру жүйесіндегі заманауи өзгерістер, жаңа даму үрдістері мен жастардың ғылыми әлеуетін арттыру мәселелеріне назар аударды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, білім беру сапасын арттыру, ғылымды дамыту, жас ғалымдарды қолдау және елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруындағы жоғары білімнің рөлі жөнінде пікір алмасты.
Осындай мазмұнды кездесулер профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілер арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, қоғамдық-саяси үдерістерді терең түсінуге және өзекті мәселелерге қатысты академиялық көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.


Шығыстану факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD
Канафьева Шынар
Басқа жаңалықтар