Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің өкілдері ҚазҰУ музейінде — ҚазҰУ

Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің өкілдері ҚазҰУ музейінде

4 қараша 2026
Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің өкілдері ҚазҰУ музейінде

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне келген Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің өкілдері ҚазҰУ музейін тамашалады.

Қонақтар университеттің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен және ғылыми-білім беру жетістіктерімен танысты. Музей экспозициялары екі жоғары оқу орны арасындағы мәдени және академиялық байланысты нығайтуға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.