«Жастар мен құқықтық жауапкершілік»
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары үшін «Жастар мен құқықтық жауапкершілік» тақырыбы аясында танымдық тәрбие дәрісі ұйымдастырылды. Тәрбие дәрісібарысында жастардың құқықтық сауаттылығы, заң алдындағы жауапкершілігі және қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды. Қатысушылар құқықбұзушылықтың негізгі түрлеріне тоқталып, жастар арасында кездесетін заңсыз әрекеттердің себептері мен олардың салдары туралы өз ойларымен бөлісті.
Тәрбие дәрісінің мақсаты: Жастардың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және әрбір іс-әрекеттің белгілі бір салдары болатынын түсіндіру. Сонымен қатар, білім алушыларды өз құқықтары мен міндеттерін білуге, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінуге және заң аясында әрекет етуге баулу.
Тыңдаушылар белсенділік танытып, пікір алмасу барысында құқық пен міндет, жеке жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты көзқарастарын білдірді. Нәтижесінде тәрбие дәрісі мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, олардың бойында жауапкершілік, әділдік және заңға құрмет сезімдерін нығайтуға ықпал етеді. Себебі құқықтық сауатты, өз ісіне жауап бере алатын жас ұрпақ – жарқын болашақ пен құқықтық мемлекеттің берік негізі.
Басқа жаңалықтар