Профессор Маркус Фукстың көшбасшылық дәрісі: регенеративті туризм контексіндегі тұрақты даму мен экожүйелерді қалпына келтірудің заманауи тәсілдері — ҚазҰУ

Профессор Маркус Фукстың көшбасшылық дәрісі: регенеративті туризм контексіндегі тұрақты даму мен экожүйелерді қалпына келтірудің заманауи тәсілдері

4 қараша 2026
Профессор Маркус Фукстың көшбасшылық дәрісі: регенеративті туризм контексіндегі тұрақты даму мен экожүйелерді қалпына келтірудің заманауи тәсілдері

                2026 жылғы 4 қараша. Маркус Фукс (Markus Fuchs) - халықаралық жобаның жетекшісі, Германияның Гиссен қаласындағы Юстус Либих университетінің География кафедрасының меңгерушісі - көшбасшылық дәріс оқыды. Дәріс барысында ғалым регенеративті туризмді дамытудың заманауи ғылыми тәсілдерін таныстырып, оның табиғи мұраны сақтаудағы, экожүйелерді қалпына келтірудегі және туристік өңірлердің климаттың өзгеруіне төзімділігін арттырудағы маңызын атап өтті.
                Халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа, озық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ туризм және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы мамандарды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларына экологиялық қағидаттарды енгізуге ерекше назар аударылды. Қарастырылған мәселелер экологиялық білім беруді дамыту мен тұрақты даму саласындағы құзыреттерді қалыптастыруды көздейтін ТДМ 4 мақсатымен тікелей байланысты.
                Дәріс шетелдік және қазақстандық ғалымдар, оқытушылар мен жас зерттеушілер арасындағы кәсіби диалог алаңына айналды. Қатысушылар бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективаларын, ғылыми әзірлемелерді өңірлік деңгейде қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ тұрақты және регенеративті даму қағидаттарына бағдарланған заманауи білім беру және ғылыми тәсілдерді қалыптастырудағы университеттердің рөлін талқылады. Пікір алмасу барысында ТДМ 17 аясында халықаралық әріптестікті нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
 

 Кейінгі талқылаулардың негізгі тақырыптары биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи экожүйелерді қорғау, климаттың өзгеру салдарын зерттеу, экологиялық қауіпсіздік және туристік аумақтарды тұрақты дамыту мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар заманауи геоақпараттық технологияларды қолдануға, экологиялық білім беруді дамытуға және антропогендік жүктемені азайтып қана қоймай, аумақтардың табиғи әлеуетін қалпына келтіруге бағытталған регенеративті туризм модельдерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Ұсынылған ғылыми тәсілдер аумақтардың табиғи және мәдени мұрасын сақтау бөлігінде ТДМ 11, туристік өңірлердің климаттық тұрақтылығын арттыру контексінде ТДМ 13, сондай-ақбиоалуантүрлілікті қорғауға, тозған экожүйелерді қалпына келтіруге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ТДМ 15 басымдықтарына сәйкес келеді.

Осылайша, көшбасшылық дәріс тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақтабиғи мұраны сақтау мен экожүйелерді қалпына келтірудің ғылыми тәсілдерін дамытуға өз үлесін қосты.