- Басты бет
- Мұражай
- Тунцзи университеті жанындағы Шанхай офтальмологиялық ауруханасының делегациясы ҚазҰУ музейінде
Тунцзи университеті жанындағы Шанхай офтальмологиялық ауруханасының делегациясы ҚазҰУ музейінде
5 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.К. Ғалеева мен Тунцзи университеті жанындағы Шанхай офтальмологиялық ауруханасының делегациясының кездесуі аясында қонақтар ҚазҰУ музейін аралады.
Сапар барысында делегация университеттің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен, ғылыми жетістіктерімен және көрнекті ғалымдарының мұрасымен танысты. Музей экспозициялары университеттің білім мен ғылымды дамытудағы рөлін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.

