ҚазҰУ докторанты ғылыми конференцияда баяндама жасады — ҚазҰУ

ҚазҰУ докторанты ғылыми конференцияда баяндама жасады

26 қазан 2026
ҚазҰУ докторанты ғылыми конференцияда баяндама жасады

2026 жылғы 24 қазанда Ташкент халықаралық қаржылық басқару және технологиялар университетінде (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Заманауи математика және оның қолданылуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған ғылыми іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультеті Математика кафедрасының 2-курс докторанты Юань Бэйбэй қатысып, өзінің ғылыми-зерттеу бағыты бойынша баяндама жасады.

Конференция барысында заманауи математиканың өзекті мәселелері, теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ математикалық әдістерді әртүрлі салаларда қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Ғылыми жиын отандық және шетелдік зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.

Юань Бэйбэйдің конференцияға қатысуы докторанттардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға және университетіміздің ғылыми жетістіктерін халықаралық академиялық ортада танытуға ықпал етеді.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ТДМ 4 – «Сапалы білім» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағыттарына сәйкес келеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.  
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.