«Тәртіп – ортақ міндет: студенттік ортадағы заң мен тәртіп мәдениеті» — ҚазҰУ

«Тәртіп – ортақ міндет: студенттік ортадағы заң мен тәртіп мәдениеті»

8 қыркүйек 2026
«Тәртіп – ортақ міндет: студенттік ортадағы заң мен тәртіп мәдениеті»

«Тәртіп – ортақ міндет» (немесе «Заң мен тәртіп») қағидаты қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылық тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті жауапкершілігі екенін білдіреді. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, жол ережесіне бағыну, басқалардың тыныштығын бұзбау және заң талаптарын құрметтеу – әрбір адамның міндеті. 2026 жылдың 8 қыркүйегінде №9 Студенттер үйінде студенттермен кездесу-талқылау өтті.