«Құқықтық мемлекет және азаматтық жауапкершілік: тарихи сана мен демократиялық құндылықтар» — ҚазҰУ

«Құқықтық мемлекет және азаматтық жауапкершілік: тарихи сана мен демократиялық құндылықтар»

15 қыркүйек 2026
«Құқықтық мемлекет және азаматтық жауапкершілік: тарихи сана мен демократиялық құндылықтар»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде 15 қыркүйек 2026 ж. сағат 12.00, 410 ауд. «Құқықтық мемлекет: азаматтың рөлі» тақырыбында қазақстандық саясаттанушы, зерттеуші және жазушы Руслан Ақмағанбетпен ғылыми-танымдық кездесу өтті. Руслан Ақмағанбет «Байлық танымы және Қазақ байлары» – қазақ  байларының тарихы мен оларды кәмпескелеу кезеңін зерттеуге арналған еңбектің, «Алаш демократиясы» – Алаш арыстарының либералдық-демократиялық көзқарастарын талдайтын кітаптың, «Алаш арулары» – тарихи-танымдық және психологиялық бағыттағы басылымның авторы.