«ОЙДОДА» – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ СЫНҒА ТҮСКЕН САЙЫС — ҚазҰУ

«ОЙДОДА» – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ СЫНҒА ТҮСКЕН САЙЫС

6 қараша 2026
«ОЙДОДА» – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ СЫНҒА ТҮСКЕН САЙЫС

6 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында «Ойдода» интеллектуалдық-командалық сайысы өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім беру» бағыты аясында ұйымдастырылып, студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтуге, логикалық ойлау қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталды.

Сайысқа «Әдебиеттану», «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 1 және 2-курс студенттерінен жасақталған «Жалын», «Sana 2.0», «Қыран», «Алаш мұрасы» және «QYZғалдақ» командалары қатысты. Қатысушылар білімін, тапқырлығын және жылдам шешім қабылдау қабілетін түрлі интеллектуалдық тапсырмалар арқылы сынға салды.

Айта кетейік, сайысты «Әдебиеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарынан құралған «Жаңғырық» бірлестігі ұйымдастырды. Шараның өтуіне Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мұрындық болды. Іс-шараға қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы меңгерушісінің м.а.  С. Дәрібайұлы, 1-курс студенттерінің кураторлары – аға оқытушы Ш. Шортанбай мен Т. Тұрдәлі қатысты. «Ойдода» сайысы студенттердің білімге қызығушылығын арттырып, факультеттегі зияткерлік ортаны дамытуға бағытталған ерекше бастама болды.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

Филология факультеті