«Қаржылық сауатты ұрпақ – тұрақты қоғам кепілі» аясында факультетаралық дәріс — ҚазҰУ

«Қаржылық сауатты ұрпақ – тұрақты қоғам кепілі» аясында факультетаралық дәріс

4 қараша 2026
«Қаржылық сауатты ұрпақ – тұрақты қоғам кепілі» аясында факультетаралық дәріс

2026 жылдың 4 қарашасы күні сағат 11.00 де, 303аудиториясында   Экономика және бизнес жоғары мектебі Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушы Г.И.Супугалиева «Ақпараттық технологиялар және жасанды интелект факультетінің» студенттеріне «Жеке қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында дәріс өткізді. Білім беру дәрісі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды арттыруға және лайықты жұмыс үшін жағдайлар жасауға бағытталған 8-ші «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсатына сәйкес ұйымдастырылды. Дәріс аясында жеке қаржылық қауіпсіздікті студенттерге түсіндіру – президенттің Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аудару берілген тапсырмалардың бірі. Президент бұл арқылы халықты қаржылық мәдениетке баулу, әсіресе, несиеге тәуелділіктен арылу мәселесін шешуді көздеген болатын. Сондықтан студенттердің қаржы сауаттылығын арттыру – бүгінгі күннің сұранысына сай келетін, болашақ буынды қаржылық тұрақтылыққа баулуға бағытталған маңызды қадам. Енді студенттер ақшаны тек жұмсауды емес, оны жоспарлы түрде көбейтуді, қаржылық мақсат қоюды және оған жету жолдарын нақты есеппен бағамдауды үйренетін болады. Жеке қаржылық қауіпсіздік – адамның тұрақты өмір сүруі мен болашаққа сенімді жоспар құруының маңызды негізі болып табылады. Ол қаржылық тұрақтылықты сақтауға, күтпеген жағдайларға дайын болуға және қаржылық тәуелділіктен аулақ болуға мүмкіндік береді. Негізгі қаржылық қауіптерге тұрақсыз табыс, жинақтардың болмауы, қарыздардың көп болуы, қаржылық алаяқтық, инвестициялық сауаттың төмендігі және инфляция жатады. Бұл мәселелер жеке адамның қаржылық тұрақтылығына елеулі әсер етеді. Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін саналы жоспарлау, табысты бақылау, жинақтау, қарыздарды тиімді басқару, қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық тәртіпті сақтау қажет. Сондықтан қаржылық мәдениет пен жауапкершілік жеке адамның сенімді, қауіпсіз және тұрақты өмір сүруінің кепілі болып табылады. 

Дәріс интерактивті форматта өткізілді, тәжірибелік мысалдар келтірілді, нақты өмірлік жағдайлар талқыланды және студенттерді пікірталасқа тартты. Бұл олардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырды, аналитикалық және сыни ойлауды дамытты, сондай-ақ практикалық дағдыларды дамытты. Дәрістің негізгі міндеттері мынандай: студенттер қаржыны үнемдеу және сақтау шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру; ақшаны тиімді жұмсауға үйрету; студенттің өзіне тиесілі ақша қорының шыққан көзін жақсы білуін қамтамасыз ету (табыс көзі, жинаған ақшасының көлемі, инвестиция, қарыз және тағы басқалар); экономикалық және қаржылық мазмұндағы жаттығулар, күмәнді қаржы ұйымдары, олардың пайда болу себептерін, құрылымын және жұмыс істеу механизмін түсіндіру. Осыған байланысты қаржылық сауаттылық студенттерге тұрақты даму мақсаттары мен міндеттерін орындауға, сапалы білім алуда өз жоспарларын табысты іске асыруға көмектеседі. Яғни, студент негізгі және жетілдірілген экономикалық ұғымдарды неғұрлым жақсы түсінсе, соғұрлым ол болашақта өз өмірін қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Студенттердің сапалы білім алу мақсаттарының бірі-қаржылық сауаттылық. Университеттегі қаржылық сауаттылық дәрістері маңызды, өйткені ол студенттер ақшаны басқаруға үйретеді: бюджет құру, үнемдеу және ақшаға жауапты болу. Бұл білім пайдалы және қаржылық тұрғыда тұрақты қоғам құруға көмектеседі.