- Басты бет
- Жаңалықтар
- СҒЗЖ – 2026: «6В05108 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды
СҒЗЖ – 2026: «6В05108 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды
СҒЗЖ – 2026: «6В05108 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды.
Биология және биотехнология факультетінің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында білім алатын жас зерттеушілер 2026 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсында өздерінің ғылыми жобаларын сәтті қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп, ғылыми әлеуеттері мен зерттеушілік қабілеттерін дәлелдеді. Жас ғалымдарымыз конкурс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болып, ғылыми-зерттеу бағытындағы жоғары дайындықтарын, ізденімпаздықтарын және ғылыми әлеуеттерін лайықты түрде көрсетті.
I орын дипломымен марапатталды:
1. Жұмаш Ақжүніс - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің 4 курс бакалавры, тақырыбы: «Әртүрлі жастағы адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеу», ғылыми жетекшісі - б.ғ.к., профессор Аблайханова Н.Т.
ІІ орын дипломымен марапатталды:
Камалов Жандос - С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жалпы медицина-1» мектебінің 2 курс бакалавры, тақырыбы: «Создание интерактивной платформы для виртуального моделирования процессов молекулярной биологии и медицинской генетики», ғылыми жетекші – б.ғ.к., ассоц.профессор Молдакарызова А.Ж.
Амантаева Алима - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің 4 курс бакалавры, тақырыбы: «Тəжірибелік диабетке шалдыққан егеуқұйрықтардың иммундық жүйесіне биологиялық белсенді қосылыс əсерін зерттеу», ғылыми жетекші – м.ғ.к., доцент Тусупбекова Г.А.
ІІІ орын дипломымен марапатталды:
1. Реджепова Райхан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің 4 курс бакалавры, тақырыбы: «Artemisia pauciflora Weber. өсімдік сығындысының жануарлардағы қант диабетіне әсерін зерттеу», ғылыми жeтeкші - PhD Сырайыл С.
2. Кудайберлиева Нұршат - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің 4 курс бакалавры, тақырыбы: «Алматы қаласы тұрғындарының психоэмоционалдық күйі мен физиологиялық көрсеткіштеріне гелио-геомагниттік белсенділіктің әсерін зерттеу», ғылыми жeтeкші - PhD Есенбекова А.Е.
3. Айтжан Қорлан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің 4 курс бакалавры, тақырыбы: «Изучение психофизиологических особенностей на примере вариабельности сердечного ритма в зависимости от уровня тревожности у студентов», ғылыми жетекші - аға оқытушы Швецова Е.В.
Кафедра ұжымы конкурс жеңімпаздарын жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды! Жас зерттеушілерге алдағы уақытта ғылыми ізденістерінде толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейді. Білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, зерттеу жұмыстарыңыз тың жаңалықтар мен маңызды ғылыми нәтижелерге ұлассын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, отандық ғылымның дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер!
https://drive.google.com/file/d/1p2dfC4TKzGfqB1OesrTHD5SOFASay0zZ/view?usp=sharing
Басқа жаңалықтар