ҚазҰУ-да «Ұлы Таң дәуірінің Чанъаны» халықаралық көрмесі ашылады — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да «Ұлы Таң дәуірінің Чанъаны» халықаралық көрмесі ашылады

13 қараша 2026
ҚазҰУ-да «Ұлы Таң дәуірінің Чанъаны» халықаралық көрмесі ашылады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті мен ҚазҰУ мұражайы Сиань музейімен және Сиань қаласының мәдени мұра басқармасымен бірлесіп «Ұлы Таң дәуірінің Чанъаны – ашық әрі көпмәдениетті халықаралық қала» халықаралық көрмесін ұсынады. Көрме Ұлы Жібек жолының шығыс бастауы болған көне Чанъаньның (қазіргі Сиань) тарихы мен мәдени мұрасына арналған.

📅 16 қараша 2026 ж.
🕤 09:30 – «Жібек жолы өркениеті және тарихи жады» тақырыптық дәрістері (Тарих факультеті, 4-1 аудитория)
🕒 15:00 – көрменің ашылу салтанаты (ҚазҰУ мұражайы)