- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары цифрлық дәуірдегі отбасылық әл-ауқатты нығайтуға бағытталған ғылыми жобаны жүзеге асырады
ҚазҰУ ғалымдары цифрлық дәуірдегі отбасылық әл-ауқатты нығайтуға бағытталған ғылыми жобаны жүзеге асырады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті.
Конкурс аясында қолдау тапқан жобалардың бірі – «Цифрлық орта жағдайында отбасылық өзара әрекеттестікті ерте психологиялық диагностикалау және сүйемелдеу жүйесін әзірлеу мен енгізу». Жоба жетекшісі – Кабакова Майра Победовна.
Бүгінгі цифрлық қоғамда отбасылық қарым-қатынастар жаңа сипатқа ие болып, психологиялық қолдау мен өзара түсіністіктің маңызы арта түсуде. Осыған орай, жоба отбасындағы психологиялық ахуалды ерте кезеңде анықтауға, ықтимал қиындықтардың алдын алуға және отбасыларға заманауи цифрлық құралдар арқылы психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.
Зерттеу нәтижесінде отбасылық өзара әрекеттестікті диагностикалау және психологиялық сүйемелдеу жүйесін әзірлеп, тәжірибеге енгізу жоспарланып отыр.
Жобаның жүзеге асуы Алматы қаласындағы отбасылардың әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге үлес қосады.
Ғылым – қоғам игілігі үшін!
