ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ КРИСТАЛ КВАННЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ — ҚазҰУ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ КРИСТАЛ КВАННЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

13 қараша 2026
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ КРИСТАЛ КВАННЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

2026 жылғы 13 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде Гонконг политехникалық университетінің (PolyU) Қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаментінің (APSS) профессоры Кристал Кванның (Crystal Kwan, PhD) көшбасшылық дәрісі өтті.

Дәріс «Зерттеуші - өзгерістер бастамашысы: әлеуметтік жұмыстағы CBPR әдіснамасы» тақырыбына арналды.

Іс-шара барысында қауымдастықтың қатысуына негізделген зерттеу (Community-Based Participatory Research, CBPR) әдіснамасының негізгі қағидаттары, оның әлеуметтік жұмыс саласында қолданылуы және зерттеушілердің әлеуметтік өзгерістерге ықпал етудегі рөлі қарастырылды.

Профессор Кристал Кван қауымдастықтармен ынтымақтастықтың, бірлескен шешім қабылдаудың және зерттеу нәтижелерін әлеуметтік тәжірибеде қолданудың маңыздылығына назар аударды.

Көшбасшылық дәріс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гонконг политехникалық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық ғылыми тәжірибе алмасуға ықпал етті.