- Басты бет
- Ғылым
- «ТДМ 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат аясында “Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді»
«ТДМ 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат аясында “Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді»
2026 жылғы 20 қарашада «6В05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің қатысуымен «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңызын түсіндіру, жастардың денсаулықты сақтау және нығайту жөніндегі білімдерін арттыру.
Іс-шара барысында салауатты өмір салтының негізгі бағыттары, атап айтқанда, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена, психологиялық денсаулық және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері қарастырылды. Студенттер адам ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, денсаулықты сақтаудың биологиялық негіздерін түсіндіріп, ғылыми тұрғыдан негізделген ақпараттармен бөлісті.
Бағдарлама аясында танымдық сабақтар, тақырыптық викториналар және интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін толықтырып, салауатты өмір салты қағидаларын күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығын түсінді.

Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың адам ағзасының қалыпты қызметіндегі рөліне, тағамдық өнімдердің құндылығына, су ішу тәртібіне және тұрақты дене белсенділігінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы білімдерін толықтырып, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін тереңірек түсінді.
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық!
Ботаника және агроэкология кафедрасының
қауымдастырылған профессоры Мамурова Асем Тлеужановна.
Басқа жаңалықтар