- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ғылым, өнер және шығармашылықты тоғыстырған халықаралық дөңгелек үстел өтті
ҚазҰУ-да ғылым, өнер және шығармашылықты тоғыстырған халықаралық дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 12 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен «Педагогикалық шеберлік: ғылым, өнер және шығармашылықтың бірлігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Педагогикалық шеберлік - кәсіби білім мен әдістемелік құзыреттіліктің жиынтығы ретінде, ғылыми ойлау, шығармашылық ізденіс, педагогикалық мәдениет және өнердің өзара үйлесімділігі. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі цифрлық білім беру ортасында кәсіби білім мен әдістемелік шеберлік, ғылыми ойлау, шығармашылық белсенділіктің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қарастыра отырып, педагогтің шығармашылық әлеуетін дамытуға негізделген академиялық диалог алаңын қалыптастыру.
Халықаралық дөңгелек үстелде факультет деканы Б.Б. Мейірбаев алғы сөз айтып, мәселенің өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Г.К. Ахметова, Бургас еркін университеті (Болгария), профессор Ицка Дерижан, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының қызметкері, профессор Б.К. Құдышева өз ойларымен бөлісті. Гази университетінің профессоры (Түркия) Fahri Temizyurek «Ақыл, қиял және эстетиканың тоғысуы», тақырыбында баяндама ұсынды. Кафедра профессоры, А.А. Булатбаева «Ғылым мен шығармашылық бірлігіндегі педагогикалық шеберлік», Алматы қаласының №70 жалпы білім беретін мектептің директоры Ш.С. Удуримова«Педагогикалық өнер: оқыту, шабыттандыру және әр баланың әлеуетін ашу шеберлігі», кафедра меңгерушісі Н.С. Әлқожаева «Педагог тұлғасы мен кәсіби ұстанымы шыңдалған келбет» т.б. тақырыптарда баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелге қатысқан шетелдік және отандық жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлер, директорлар, докторанттар мен магистранттар ойларын ортаға салып, өз көзқарастырын баяндады.
Дөңгелек үстел педагогикалық шеберліктің ғылыми және шығармашылық негіздеріне назар аудартып, заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен білім беру сапасын арттыру мәселелерінің өзектілігін айқындайтын ғылыми-академиялық бастама болды.
Академиялық диалог алаңын жалғастыру қажетті туралы резолюция қабылданды.
Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетіндегі Ғылыми кеңес мәжіліс залында өтті.
Басқа жаңалықтар