- Басты бет
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды.
Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, профессор ассистенті Г.А. Кенжакимованың ғылыми жетекшілігімен дайындалған жұмыс II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жұмыстың авторы - «6B03101 - Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының атынан қатысқан Аружан Исмайлова.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Г.С. Абдирайымова мен PhD, аға оқытушы А.А. Саймасаеваның ғылыми жетекшілігімен «6B03101 - Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша Мадина Журсингалиеваның ғылыми-зерттеу жұмысы дайындалып, III дәрежелі дипломға ие болды.
Байқау жүлдегерлері мен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Ғылыми және кәсіби қызметтерінде табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Басқа жаңалықтар