«Өмірге құштарлық» психологиялық тренингтері. «Өмірді бағалай біл!» мотивациялық кездесу.

Студенттердің психологиялық саулығын нығайту, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру және эмоционалдық тұрақтылығын арттыру мақсатында «Өмірге құштарлық» тақырыбында психологиялық тренингтер мен «Өмірді бағалай біл!» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың өмірге деген қызығушылығын арттыру, өз мүмкіндіктерін бағалауға үйрету, қиындықтарды жеңуге деген сенімділігін нығайту және психологиялық қолдау мәдениетін қалыптастыру.
Психологиялық тренингтер барысында қатысушылар адамның ішкі дүниесі, эмоциялық жағдайы, өзін-өзі бағалауы және өмірлік құндылықтары туралы маңызды ақпараттармен танысты. Сонымен қатар студенттерге жағымды ойлау, өз эмоцияларын басқару, күйзелісті жеңу және күнделікті өмірдегі қиындықтарға дұрыс көзқараспен қарау жолдары түсіндірілді.
«Өмірді бағалай біл!» мотивациялық кездесуі аясында өмірдің әрбір сәтінің маңыздылығы, адам бойындағы үміт пен сенімнің рөлі, жақын адамдардың қолдауы және жеке мақсаттарға ұмтылудың мәні талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік тәжірибелер мен құндылықтар туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында әрбір адамның қайталанбас тұлға екені және оның өмірі маңызды екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ өзіне қамқорлық жасау, айналасындағы адамдарға құрметпен қарау және қиын кезеңдерде қолдау іздеудің маңыздылығы айтылды.
Осындай психологиялық тренингтер мен мотивациялық кездесулер студенттердің тұлғалық дамуына, өзіне деген сенімділігін арттыруға және университетте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараның негізгі идеясы – өмірді бағалау, әр күннен жақсылық табу, өз мүмкіндіктеріңе сену және болашаққа үмітпен қарау. Өмір – баға жетпес құндылық, ал оны мәнді ету әр адамның өз қолында.