Карабалаева Дина Эзимхановна — ҚазҰУ
Карабалаева Дина Эзимхановна

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Карабалаева Дина Эзимхановнаның «Қазақстан аумағында кездесетін Trollius L. туысы түрлерінің қазіргі жағдайын бағалауда популяциялық-генетикалық зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ботаника және агроэкология кафедрасының базасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақша.

Ресми рецензенттер:

1. Карашолакова Лаззат Наушабаевна - PhD, қауымдастырылған профессор, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры (Талдықорған қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D061300–Геоботаника

2. Ануарова Ляйля Ермекхановна – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.

Ғылыми жетекшілері:

1. Курманбаева Меруерт Сакеновна – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

2. Габор Шрамко (Gábor Sramkó) – PhD, Дебрецен университетінің Ботаника кафедрасының профессоры, Венгрия ғылым академиясының эволюциялық геномика бойынша зерттеу тобының жетекшісі (Дебрецен қ., Венгрия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Косиньский Пётр – PhD, қауымдастырылған профессор, Польша Ғылым академиясының Дендрология институтының ғылыми қызметкері (Курник қ., Польша).

2. Затыбеков Алибек Камзабекович - PhD, қауымдастырылған профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

3. Жаманғара Айжан Қашағанқызы – биология ғылымдарының кандидаты, Астана халықаралық университеті педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылы 18 желтоқсанда сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина»  мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/99620994947?pwd=yUaDEaBOIrKHUTY3TKcIFUQ8ib9myM.1

Конференция идентификаторы: 996 2099 4947

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы