«Заң және жастар» атты пікірталас өтті — ҚазҰУ

«Заң және жастар» атты пікірталас өтті

2 қараша 2026
«Заң және жастар» атты пікірталас өтті

2026 жылдың 2 қарашасында «Заң және жастар» тақырыбында дискуссия түріндегі тәрбиелік бағыттағы іс-шара өтті. Іс-шараны Молдабеков Ж.М. жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің оқу үдерісіндегі тәртіптің маңыздылығын саналы түрде түсінуін қалыптастыру, жауапкершілікті, өзін-өзі ұйымдастыруды және университет талаптарына құрметпен қарауды дамыту.

Дискуссия барысында студенттер тәртіп ұғымына қатысты өз пікірлерін ашық білдірді. Талқылау кезінде сабаққа уақытылы келу, академиялық адалдық, оқытушылар мен курстастарға құрмет, университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау сияқты мәселелер қозғалды. Қатысушылар тәртіп – сырттан таңылған шектеу емес, жеке тұлғаның өсуі мен болашақ кәсіби табысының негізі екенін атап өтті.

Сондай-ақ уақытты тиімді жоспарлау, өз әрекеті үшін жауап беру, міндеттерді өз бетінше орындау дағдылары жан-жақты талқыланды. Студенттер өмірлік мысалдар келтіріп, өз ұстанымдарын дәлелдеді. Пікірталас ашық әрі сындарлы форматта өтіп, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.

Іс-шара қорытындысында тәртіп – қиындық емес, табысқа жетудің қажетті шарты, ал университет талаптарын құрметтеу – оқу ортасының тұрақтылығы мен сапасының кепілі деген ортақ тұжырым жасалды. Осындай тәрбиелік шаралар студенттердің азаматтық ұстанымын, жауапкершілігін және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын арттыруға ықпал етеді.