«Президент Жолдауы – Қазақстан дамуының стратегиялық басымдықтары» — ҚазҰУ

«Президент Жолдауы – Қазақстан дамуының стратегиялық басымдықтары»

11 қараша 2026
«Президент Жолдауы – Қазақстан дамуының стратегиялық басымдықтары»

11 қараша, 2026 ж. Философия және саясаттану факультетінде саясаттанушы Руслан Ахмаганбетов «Президент Жолдауындағы стратегиялық басымдықтар» бойынша талқылау өткізді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы елді ауқымды инфрақұрылымдық жаңғыртуға, халықтың нақты табысын арттыруға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтуге бағытталған. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында жарияланған бұл стратегиялық құжат Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстан құру идеясын нақты экономикалық және әлеуметтік тетіктермен бекітеді.